Қазгидромет: Қазақстанның батысында тағы да ыстық

0
403
photo: almaty.tv

31 шілде мен 2 тамыз аралығында Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты, тамыз айының басынан бастап жауын-шашынсыз құрғақтық және ауа температурасының 33-38-ге, кей
жерлерде 43-ке дейін көтерілуі күтіледі.

Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады. Яғни, жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасының күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, ал оңтүстікте 35-40 градус жылылық сақталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз