Қасымов қызметтен кетті

0
384
Қалмұханбет Қасымов. Photo: Sputnik Қазақстан

30 шілде күні Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен кетті. Шенеунік президентке өзі өтініш жазған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді”, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

64  жастағы Қалмұханбет Қасымов қызмет жолын Алматы облысына қарасты Іле ауданында қатардағы тергеуші болып бастаған. Құқық қорғау саласында түрлі қызметтер де болған. 2011-2019 жылдары Ішкі істер министрлігін басқарды. Ол Қазақстан тарихында ең көп сыналған министр. 2011 жылғы Жаңаөзен таргедиясы кезінде мұнайшыларға оқ атқан полицияға сын айтылып, министр Қасымовтың отставкасы талап етілген болатын.  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз