Украинада Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды

0
116

Украинаның Одесса қаласында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылу күнінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Көрмеде Қазақстанды, оның мәдениетін, халқы, табиғаты, сәулеті, ұлттық тағамдары және т.б. баяндайтын фотосуреттері ұсынылған. Сонымен қатар келушілерге Семей ядролық полигонының жабылу тарихы мен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы әлемдік аренадағы күш-жігері туралы материалдар көрсетілді.

Көрмеге келушілерге Қазақстанның тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері, еліміздің әлемдік аренадағы рөлі мен мәртебесі, сондай-ақ Семей ядролық полигоны, «Невада-Семей» халықтық қозғалысы мен жабылу шешімі туралы баяндалды.

Көрменің ашылуына Одессаның мәдениет саласы, қоғам және іскер топтарының өкілдері қатысты, олар іс-шараны үлкен қызығушылықпен қабылдады. Көрмені Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен Одессадағы ҚР Құрметті консулдығы ұйымдастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз