Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін бизнес идеялар үшін 400 грант беру жоспарланған

0
145

24 тамызда, Нұр-Сұлтан қаласында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алу жөніндегі үміткерлер өтінішін қарау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сегіз үміткерге мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Комиссия отырысында жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық салондарының қызметтері секілді түрлі бағыттағы кәсіптер қолдау тапты.

Мемлекеттік грантты кімдер ала алады?

Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер:

  1. жұмыссыз адамдар
  2. кәсіпкерлер
  3. Өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлегендер
  4. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен
  5. «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында оқуын аяқтаған адамдар.

Айта кетейік, жыл соңына дейін жалпы саны 400 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Ал бүгінге дейін 363 өтініш қолдау тапты. Биылғы гранттың ең жоғарғы мөлшері – 200 АЕК (583 400 теңге).

Мемлекеттік грант алу жөнінде ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» бизнес орталығына баруға немесе 8 (7172) 95 44 16; 8 (7172) 954418 нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз