9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды.
Бірер күн бұрын энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылып Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған.
Мырзағалиев 2019 жылдың 17 маусымынан бері елдің экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
42 жастағы Мағзұм Мырзағалиев “Тұран” университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол бұған дейін газ және мұнай министрінің, энергетика министрінің орынбасары, экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған.
Теңіз, Батыс Сібір кеніштерінде жұмыс істеген. “Қазмұнайгазға” қарасты “Теңіз сервис” компаниясын басқарған.