Бір күнде вирустан жүзге жуық қазақстандық қайтыс болды

0
60

10 қыркүйектегі ақпарат бойынша коронавирустан 78 адам, пневмониядан 19 адам қайтыс болды. Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 10 154 адам қайтыс болса, пневмониядан 4630 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек 82 162 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 1 310 адамның жағдайы ауыр, 373 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 208 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 4 024 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 275 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 832 248 адамнан коронавирус анықталды. 72 223 адам пневмонияға шалдықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз