Әлем чемпионаты: Қазақстан футзал құрамасы ширек финалға өтті

0
208

Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан мен Тайланд құрамалары кездесіп, 7-0 нәтижесімен қазақстандықтар плей-офф кезеңін жеңіспен бастады.

Рикардо Кака жаттықтыратын жігіттер алғашқы таймнан-ақ матчты өз тізгіндеріне алды.

Бірінші тайм 3-0 есебімен аяқталды. Ал екінші таймда қазақстандықтар тағы 4 гол соқты. Қазақстан тарапынан гол соққандар: алғашқы таймда Тұрсағұлов, Дуглас және үшінші гол Дуглас соққысынан кейін қарсыласқа тиіп кеткені үшін автогол деп есептелінді. Екінші таймда Тайнан, Нұрғожин, Кнауб және соңғы голдың авторы, тіпті дабл пенальтиден сейв жасаған, қақпашы Игита.

Ұлттық құрама осыған дейін топтық кезеңде Коста-Рика құрамасын 6-1, Литва құрамасын 3-0 есебімен жеңіп, соңғы турда Венесуэла құрамасымен тең (1-1) ойнады. Ал, 1/8 финалдағы қарсылас Тайланд құрамасы топтық кезеңде бір жеңіс, бір жеңіліс және бір тең ойын көрсетті.

Қазақстан, 1/4 финалда Өзбекстан мен Иран құрамаларының арасындағы кездесудің жеңімпазымен 27 қыркүйек күні ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Литвада өтіп жатқан әлем чемпионаты 12 қыркүйекте басталып 3 қазанда аяқталады. Жалпы турнирде 24 мемлекеттің құрамасы 6 топқа бөлініп, өзара жарыс өткізді. Плей-офф кезеңіне топтағы 1 және 2 орын иеленген командалар шықты. Бұдан бөлек ⅛ финалда 16 құрама өнер көрсетуі үшін топтық кезеңде жоғары ұпай жинаған тағы 4 құрама плей-офф кезеңіне жолдама алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз