Бұрынғы қаржы вице-министрі 4 жылға сотталды

0
148
Қазақстанның бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.

Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Руслан Еңсебаев пара алғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешімді бейсенбі күні Есіл ауданы №2 аудандық сотының судьясы Бақытжан Есенов шығарды. Бұл жөнінде vlast.kz сайты хабарлады. 

“Сот 387 – 390, 393, 395 – 398, 401, 402-баптарды басшылыққа ала отырып  қылмыстық іс жүргізу кодексінің үкімімен Руслан Еңсебаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2 – бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтей отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын”, – деп үкім оқыды Есенов.

Сот бұрынғы қаржы вице-министріне бұлтартпау шарасын кепілден күзетпен ұстауға дереу өзгерту туралы шешім қабылдады. Күзетпен ұстау мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Ал ҚР ҚК-нің 62-бап, 3-бөлік, 2-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімі 2021 жылғы 23 қыркүйектен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу кезінде 1,5 күн үшін 1 күн есебімен қамауда ұстау уақыты есептеледі. Бұдан басқа, Еңсебаев өмір бойы мемлекеттік қызметте, компанияларда және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Еске салайық, былтыр күзде Еңсебаев сыбайлас жемқорлық күдігіне ілініп ұсталған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз