Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 2 252 адам коронавирус жұқтырды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 327 адамға көп. 2 271 адам індеттен жазылып шықты.
Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтанда – 249, Алматыда – 510, Шымкентте – 126, Ақмола облысында – 45, Ақтөбе облысында – 141, Алматы облысында – 212, Атырау облысында – 69, Шығыс Қазақстан облысында – 147, Жамбыл облысында – 55, Батыс Қазақстан облысында -77, Қарағанды облысында – 170, Қостанай облысында – 106, Қызылорда облысында – 57, Маңғыстау облысында – 16, Павлодар облысында – 136, Солтүстік Қазақстан облысында – 78, Түркістан облысында – 58 адамнан коронавирус анықталған.
30 қыркүйекте Ақмола облысы “қызыл аймақтан” шығып, “сарыға өтті”. Осылайша “қызыл аймақта” қазір екі қала мен екі облыс қалды: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Павлодар және Қарағанды облыстары. Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары “жасыл аймақта”. Қалғаны “сарыда” тұр.
Қазір 61 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 10 мыңы – ауруханада. 805 адамның жағдайы ауыр. 212 пациент хәл үстінде жатыр. 135 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Министрлік мәліметінше, тамыздың соңынан бері науқастардың азаюына байланысты Қазақстанда 57 ковид стационары жабылған.
6,5 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 1,1 млн адам екінші дозасын күтіп отыр.