Ресей президенті Путин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

0
190
Ресей президенті Владимир Путин. Photo: Kremlin.kz

29 қыркүйек, сәрсенбіден бастап Ресей президенті Владимир Путин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. Бұл туралы Lenta ақпараттық сайты хабарлады.

Ақпаратта Путин, Түркия президенті Ердоғанмен өтетін кездесуге байланысты оқшаулау режимінен шықты делінген. Ресей президентінің баспасөз хатшысының айтуынша, Путиннің түрік әріптесімен кездесуінде барлық қажетті коронавирусқа қарсы сақтық шаралары қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйектен бастап Ресей президенті Владимир Путин айналасындағы кейбір қызметкерлерден коронавирус анықталғанына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен еді.

Оқи отырыңыз: Путин өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз