С. Жээнбековпен келіссөзде экономикалық мәселеге ерекше назар аударылды – Елбасы

0
66

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен келіссөздер барысында экономикалық мәселелерге айрықша назар аударылғанын мәлімдеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты келіссөздерден кейінгі мәлімдеме барысында «Қазақстан мен Қырғызстан өзара қонымды шешім қабылдай алмаған мәселелер жоқ. Қазір де солай болды. Біздің келіссөздер барысында екіжақты экономикалық күнтәртібіндегі мәселелерге айрықша назар аударылды.

Қырғыз Республикасы Президентімен Минскіде кездескен сәттен бері көп уақыт өте қойған жоқ. Дегенмен, осы аралықта біздің үкіметтеріміздің арасында қол қойылған шекара, көлік, фитосанитария, ветеринария, салық және кедендік бақылау салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасын орындау бойынша маңызды жұмыстар еңсерілді», – деп мәлімдеді.

Қазақ-Қырғыз шнкарасына байланысты жүргізілген шаралардың Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шарттарға сәйкес болуы үшін қабылданғанын айта кетті.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз