4 қазанда денсаулық сақтау министрлігі елде 59 135 адамның коронавирустан ем қабылдап жатқанын хабарлады.
Соңғы мәлімет бойынша 60 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде тек 7 989 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 10 367 пациент стационарда, 48 768 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 765 адамның жағдайы ауыр, 224 адамның жағдайы өте ауыр және 144 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда 4 қазандағы ақпарат бойынша 1717 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 1913 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 31 адам қайтыс болды.