Футзал: Қолаға таласқан Қазақстан құрамасы Бразилиядан жеңілді

0
163
Қазақстан футзал құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита.

Литвада аяқталған әлем кубогында Қазақстан футзал құрамасы әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилиядан жеңілді – 2:4. Үздік төрттікке енген ұлттық құрама Бразилиядан келген легионерлер мен жергілікті қазақтардан құралған. Олар жартылай финалға дейін жетіп, қазақстандық жанкүйерлерге қуаныш сыйлады.

Қазақстандық жанкүйерлердің басым бөлігі футзалшылар жүлде ала алмаса да, оларға “тамаша эмоция сыйлағаны үшін” алғыс айтып жатыр. Қазақстан құрамасы сапында Бразилиядан шақыртылған үш легионер – Игита (қақпашы), Дуглас, Тайнан ойнады. Қалған 13 ойыншы Қазақстанда туған.

Футзалдан ұлттық құрама бұған дейін 2016 жылы Еуропа чемпионатында қола медаль, 2018 жылғы Еуропа біріншілігінде 4-орын иеленген. Қазір Қазақстан UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) рейтингінде Испания, Ресейден кейінгі 3-орында тұр.

Бразилиялық легионерлер легі Қазақстанға алғаш рет 2010 жылы келе бастады. Олар алдымен алматылық “Қайрат” командасы сапында ойнап, кейін Қазақстан азаматтығын алып ұлттық құрамада ойнай бастады.

Қазақстан футзалдан әлем кубогына осымен үшінші рет қатысты. 2000 жылы Гватемалада өткен әлем чемпионатында топтан шыға алмаған. Ал 2016 жылғы әлем біріншілігінде 1/8 финалда Испаниядан жеңілген. Келесі әлем кубогы 2024 жылы өтеді. Жарысты ұйымдастыратын ел енді анықталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз