Қытай Қазақстан үшін маңызды инвесторлардың бірі болып қала бермек, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, деп хабарлайды BNews.kz.
Мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Қытай 10 жылдың ішінде 14 миллиард доллордан астам инвестиция салған Қазақстандағы басты шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді », – деп мәлімдеді.
Министр «Біз сенім мен татулықтың деңгейін жоғары сақтайтын сандарлы ынтымақтастық динамикасын оң бағалаймыз. Қытай Халық Республикасының президенті Си Цзиньпин президент болып сайланғаннан бері Қазақстанға үш рет іс-сапармен келген. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Қытайға бес реп жұмыс сапарымен барып келді», деп қоса кетті.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше жалпы алғанда ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Азия елдерімен жалпы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға артып, $ 13,3 млрд-қа жетті.
Жадыра Аманбайқызы