Филиппиндегі табиғи апаттан 180-ге жуық адам қаза тапты

0
79

180-ге жуық адам Филиппиннің оңтүстігінде болған тропикалық дауылдың нәтижесінде қаза тапты. Ондаған адам із-түзсіз кеткен. Биліктің мәлімдеуінше, құрбандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды BBC.

Тембин дауылы Минданао аралының бірнеше аймағында су тасқыны мен селге ұласты.

Дауыл кезіндегі желдің жылдамдығы сағатына 80 шақырымға жеткен, қазір Тембин дауылы Палаван аралының оңтүстігіне жеткен.

Филиппиндегі Тубод және Пиагапо қалалары қатты зардап шеккен, көп тұрғын үйлер үйілмелі тастың астында қалған.

Тембин дауылынан кейін (Филиппинде «Винта» деп аталады) Минданао аралының кейбір аймақтарында төтенше жағдай жарияланды.

Филиппиннің оңтүстігінде болған жайсыз жайттан кейін, тағы бір бақтысыз жағдай орын алды. Давао қаласының орталығындағы сауда үйінде үлкен өрт шықты. Шамамен 37 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Мәліметтерге сәйкес, жоғалғандар елдің оңтүстігіндегі Давао қаласының орталығында орналасқан сауда үйінде шыққан өрт салдарынан із-түссіз кетуі ықтимал.

Оларда құтылуға амал қалмады, деп мәлімдеді Давао вице-мэрі Паоло Дутерте.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз