Коронавирус жұқтырған 747 науқастың жағдайы ауыр

0
65

7 қазандағы ақпаратта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 2063 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 33 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 202 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 898 225 адамға жеткен.

Министрлік мәліметінше елде 55 956 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 9 562 пациент стационарда, 46 394 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:

• 747 адамның жағдайы ауыр,

• 206 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 124 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек 4 өңір коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “қызыл аймақта” болса, “сары аймақта” 9 өңір, ал “жасыл аймақта” 4 өңір.

Жалпы Қазақстан Республикасы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “сары аймақта”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз