Астана – Тұран матчынан фоторепортаж – 1:1

0
155

30 қазан, сенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Тұран” командасымен кездесті.

Паралелді өтіп жатқан оралдық “Ақжайық” пен “Тобыл” арасындағы матчта 0-2 есебімен қостанайлықтар жеңіп, 61 ұпаймен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Астана мен Тұран клубтарының арасындағы ойын 1-1 есебімен тең аяқталды. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында жанкүйерлер қатысуымен өтті.

Алғаш болып 11 минутта Астана сапынан Макс Эбонг есеп ашты. Осылайша бірінші тайм 1-0 есебімен аяқталды. Ойынның 78 минутында Астана ойыншысы Чуперка қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дәл сол айып добының шабуылын түркістандықтар голмен аяқтады. (Талғат Нөсербаев).

Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 26 турдан кейін 57 ұпай жинап, маусымды екінші орынмен аяқтады. Ал, Тұран командасы 26 ұпаймен 12 орында аяқтады.

“OldBoys” – Астана жанкүйерлері
Астана клубының жанкүйері
Макс Эбонгтың жейдесін сұрап тұрған жанкүйерлер
астаналық Станислав Басманов, Тұран ойыншысы Залеский Андрейге қарсы
Макс Эбонгтың гол салғаннан кейін қуану сәті
Астана сапындағы испаниялық ойыншы Лопес Фернандес Энрике
Эбонгтың дөрекі ойыны үшін сары қағаз алған сәті
қосалқы құрамдан ойынға қосылған 21 жастағы астаналық Владислав Прокопенко
Тұран қақпасының алдындағы қарбалас
Валерий Чуперканың қызыл қағаз алған сәті
Макс Эбонг өзінің жейдесін сұраған жанкүйерлерге бара жатқан сәті
Матс соңында Исламхан Қуат жанкүйерлерге алғысын айтуда

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз