БИЛ және Білім Орда оқушылары арасында аймақтық футзал жарысы өтті

0
167

Қазан айының 9-ы мен 31-і аралығында “Білім Орда” және “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қорларына қарасты мектеп оқушылары арасында аймақтық футзал турнирі өтті. 

Турнир Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қарағанды қалаларында аймақтық деңгейде өтті. Жарыстың финалдық ойындары 6-7 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Финалға әр аймақтың жеңімпаздары қатысады.

Турнир оқушылардың ерекшеліктеріне қарай екіге бөлініп ұйымдастырылды:

  • 7-8 сыныптар арасындағы оқушылар (26 мектеп қатысты)
  • 9-11 сыныптар арасындағы оқушылар (31 мектеп қатысты)

Аймақтық кезеңде жеңімпаз атанып, финалдық кезеңге жолдама алған мектептер:
7-8 сыныптар арасында:
1. Көкшетау “Білім-Инновация” лицейі – Қарағанды аймағының жеңімпазы
2. Тараз “Білім-Инновация” лицейі – Шымкент аймағының жеңімпазы
3. Талдықорған “Білім-Инновация” лицейі – Алматы аймағының жеңімпазы
4. Нұр-Сұлтан “Білім-Инновация” лицейі – Нұр-Сұлтан аймағының жеңімпазы
5. Ақтау “Білім-Инновация” лицейі – Атырау аймағының жеңімпазы

9-11 сыныптар арасында:
1. Жезқазған “Білім-Инновация” лицейі – Қарағанды аймағының жеңімпазы
2. Жамбыл инновациялық колледжі – Шымкент аймағының жеңімпазы
3. Алматы “Білім-Инновация” лицейі – Алматы аймағының жеңімпазы
4. Нұр-Сұлтан “Білім-Инновация” лицейі – Нұр-Сұлтан аймағының жеңімпазы
5. Ақтау “Білім-Инновация” лицейі – Атырау аймағының жеңімпазы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз