Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 950 мыңнан асты

0
63

9 қарашадағы ақпарат бойынша Қазақстанда 909 адамнан коронавирус табылды. 16 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 32 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 950 539 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 80372 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5073 адам қайтыс болған. 70008 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 39 705 адам емделуде, олардың ішінде 7 317 пациент стационарда, 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 520 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 110 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз