16 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжікстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі хабарлайды.
Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана-Арена” стадионында өтті. Бұл, Қазақстан құрамасының 2021 жылдағы соңғы ойыны болды. Есеп 1-0 болып қазақстандықтардың пайдасына шешілді.
Ойынның есебін 12 минутта Тәжікстан қақпашысының қателігінен кейін Бахтиер Зайнутдинов ашты. Бұл осы ойындағы алғашқы және соңғы гол болды.