Covid-19: Қызыл аймақта ешбір өңір қалмады

0
156

6 желтоқсандағы ақпаратта қызыл аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы сары аймаққа өтті. Осылайша эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпті аймақта ешбір өңір қалмады. Бұл туралы hls.kz сайты хабарлады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын азаюда. Тиісінше Қазақстан Республикасы жасыл аймақта орналасқан.

Жалпы өңірлер бойынша:

Сары аймақ: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы.

Жасыл аймақ: Алматы және Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз