20 желтоқсандағы ақпарат бойынша Қазақстанда 379 адамнан коронавирус табылды. 8 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 2 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 983 294 адамға жеткен.
Ал, пневмония бойынша 2020 жылдың 13 наурызынан бері жалпы 83640 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5196 адам қайтыс болған. 75888 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 19 721 адам емделуде, олардың ішінде 3 413 пациент стационарда, 16 308 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 293 адамның жағдайы ауыр, 73 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 58 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.