13 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі комитеттің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің үстінен “билікті басып алу” бабы бойынша да қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мәсімов бұған дейін “мемлекетке опасыздық жасау” бабы бойынша күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған еді.
“Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – “А” арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды” делінген ҰҚК хабарламасында.