Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің миссиясы аяқталды

0
238

13 қаңтарда Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер бітімгершілік күштерінің әскери қызметшілерін шығарып салды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрлық әскерлері әскери институтының саптық алаңында өткен бітімгершілік контингенттерді шығарып салу рәсіміне ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан республикасы қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

“Сіздер стратегиялық және басқа да маңызы бар нысандарды күзетуді қамтамасыз еттіңізідер. Бітімгершілік контингент келіп қазақстандық әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары содырларды іздестіру және ұстау бойынша өздерінің тікелей міндеттеріне кірісе алды”, – деді М.Таласов

Бірқатар бітімгерлер Қазақстанның қорғаныс министрінің бұйрығымен «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» медальдарымен және грамоталармен марапатталды.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстанда мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар нысандарды күзету жөніндегі міндеттерді орындады.

ҰҚШҰ біріккен бітімгершілік контингентін елден кезең-кезеңімен шығару президент Тоқаев белгілеген мерзімге сәйкес биыл 13 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз