Тоқаев “Нұр Отанның” атқарушы хатшысын тағайындады

0
308
Асхат Оралов.

2 ақпанда “Нұр Отан” партиясының атқарушы хатшысы болып  Асхат Оралов тағайындалды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болған Ораловты бұл қызметке партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған.

Партияға басшылығына Қасым-Жомарт Тоқаев келгелі төрағаның орынбасары деген лауазым жойылып оның орнына атқарушы хатшы деген қызмет енгізілген.

2019 жылдан бері партия төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбек 2 ақпанда қызметтен кету туралы өтініш берген. 

32 жастағы Асхат Оралов Павлодар облысының тумасы.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді.

2021 жылдың 12 шілдесінен Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қаңтар оқиғасынан кейін өткен партия съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы қызметіне кірісіп, партия жұмысын өзгерту қажеттігін айтқан. Ол мемлекет басшысы ретінде биліктің барлық тармағының іс-әрекеті мен жауапкершілігін қамтамасыз ету конституциялық міндеті екенін айтып, ашық әрі әділ саяси бәсекелестік болатындығына кепілдік беретінін мәлімдеген. Бірақ кейбір сарапшылар оның мәлімдемесіне сынмен қарайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз