11 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қазан қаласына барды. Онда Тоқаевты Татарстан президенті Рустам Минниханов күтіп алды.
Президент баспасөз хатшысының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазанның көрікті жерлерін аралайды және Татарстан президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан “Камаз” және “Танеко” сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады.
Қазақстан президенті 10 ақпанда жұмыс сапарымен Ресейге келген. Онда ол Владимир Путинмен кездесіп бірқатар құжатқа қол қойған.
Бұл – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар көтерілісінен кейінгі шетелге екінші сапары. Мұның алдында ол Пекинге барып, қысқы олимпиаданың ашылу салтанатына қатысқан әрі Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен.