Мәскеу сапарында Тоқаев пен Путин қандай құжаттарға қол қойды?

0
288
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин. Photo: Akorda.kz

Бейсенбіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Ресей басшысымен кездесіп бірқатар құжаттарға қол қойды. Тоқаев осы сапар барысында “маңызды келісімдерге қол қойылатынын” айтқан.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар кезінде “білім, теміржол, цифрландыру, ғарышты игеру және атом энергетикасы саласында мамандар даярлау бойынша” құжаттарға қол қойылған. Соның ішінде Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы мен Ресейдің электровоз өндірушісі арасындағы келісімге, “цифрландыру саласында тәжірибе алмасу”, “атомды бейбіт мақсатта игеру мамандарын даярлау бойынша” ресейлік және қазақстандық құрылымдар арасында “өзара түсіністік туралы меморандумға”, сондай-ақ Қазақстан студенттерін Ресей оқу орындарында мемлекет есебінен оқытуға бағытталған құжаттарға қол қойылды.

Кейінгі уақытта Қазақстан президенті Ресей туралы сөз еткенде “одақтас мемлекет” деген тіркесті жиі қолданып жүр.

Бұл – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар көтерілісінен кейінгі шетелге екінші сапары. Мұның алдында ол Пекинге барып, қысқы олимпиаданың ашылу салтанатына қатысқан әрі Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз