17 ақпанда Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында партияның кезектен тыс съезі 1 наурызда өтетінін хабарлады.
“Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды”- делінген Асхат Ораловтың facebook парақшасында.
Бұдан бөлек съезд барысында Nur Otan партиясының жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланатыны хабарланды.