Сейсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақордада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізді. Ақорда сайтының хабарлауынша, жиында Украинадағы жағдайларға байланысты Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қарастырылған.

Президент премьер-пинистр Әлихан Смайыловтың, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірестердің салдарынан ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспарын қабылдау қажет екенін айтқан.

Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Жиыннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин “Донецк халық республикасы” мен “Луганск халық республикасының” “тәуелсіздігін” мойындап, кейін сепаратистер аумағына Ресей әскерін кіргізу туралы бұйрық берген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз