Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры тағайындалды

0
1,076
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды. Photo: Facebook/DaurenAbayev

21 ақпанда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып актер Азамат Сатыбалды тағайындалды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды. 

44 жастағы Азамат Сатыбалды Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Театр және кино актеры. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданған. 2000 жылы дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілген. 2001 жылдан бері М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актеры.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз