25 ақпанда Әсет Исекешов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Ақорда таратқан ақпаратта Тоқаев оны қайта көмекшісі етіп тағайындағаны жазылған.
50 жастағы Әсет Исекешов 2020 жылдың қаңтарынан бері Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған. 2016-2018 жылдар аралығында астана әкімі болды. Одан кейін шамамен жарты жыл президент әкімшілігін басқарды. 2019 жылы наурызда бірінші президент қорының атқарушы директоры болып бекітілген.