9 наурызда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен Антальяда өтетін дипломатиялық форумға барды. Бұл жөнінде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде хабарлап, Назарбаевтың Түркияға жеткен фотосын жариялады.
По приглашению Президента Турецкой Республики Реджепа Эрдогана Елбасы прибыл в Анталию для участия в Дипломатическом форуме #ADF2022 pic.twitter.com/dG8UXbraxM
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) March 9, 2022
Бұл – Назарбаевтың Қазақстандағы Қаңтар оқиғасынан кейінгі ресми хабарланған алғашқы шетелдік сапары. Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев жайлы ақпарат азайып кеткен.
Антальядағы дипломатиялық форум 11 наурызда басталады. Ал Лавров пен Кулеба кездесуі 10 наурызға жоспарланған. Ресей Украинаға соғыс ашқалы Ресей мен Украинаның ресми өкілдері мұндай деңгейде алғаш рет кездеспек. Бұған дейін екі елдің арнайы делегациялары Беларусьте үш рет келіссөз үшін кездескен.