Назарбаев Ердоғанның шақыртуымен Түркияға барды

0
260
Нұрсұлтан Назарбаев Анталияға келген сәт. 9 наурыз 2022 жыл. Photo: Twitter/AidosUkibay

9 наурызда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен Антальяда өтетін дипломатиялық форумға барды. Бұл жөнінде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде хабарлап, Назарбаевтың Түркияға жеткен фотосын жариялады.

Бұл – Назарбаевтың Қазақстандағы Қаңтар оқиғасынан кейінгі ресми хабарланған алғашқы шетелдік сапары. Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев жайлы ақпарат азайып кеткен.

Антальядағы дипломатиялық форум 11 наурызда басталады. Ал Лавров пен Кулеба кездесуі 10 наурызға жоспарланған. Ресей Украинаға соғыс ашқалы Ресей мен Украинаның ресми өкілдері мұндай деңгейде алғаш рет кездеспек. Бұған дейін екі елдің арнайы делегациялары Беларусьте үш рет келіссөз үшін кездескен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз