Тоқаев: Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады

0
396
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Video screen/live video

16 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын “Қаңтар оқиғасы” туралы айтудан бастады. Ол Қаңтар оқиғасында лауазымды тұлғалардың жасаған сатқындығы жөнінде айтты.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы басталды 

«Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», – деді ол.

«Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді», – деді Тоқаев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз