Қазақстанда парламенттің рөлі күшейеді

0
432
Парламент палаталарының ғимараты.

Қазақстанда президент өкілеттігі біртіндеп қысқарып, парламент рөлі артады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күнгі халыққа жолдауында айтты.

“Біз президенттің өкілетін біртіндеп қысқарта отырып, парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз”, – деді президент.

“Сенаттағы президент квотасын бақылау құралы ретінде емес, парламентте аз қамтылған әлеуметтік топтардың пікірін есепке алу тетігі ретінде қарастырған жөн. Сондықтан мен Сенаттағы президент квотасын 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз