Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі ұзартылды

0
138
Мұрат Бектанов.

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

19 ақпанда бас прокуратура Қылмыстық кодекстің “Биліктегі әрекетсіздік” бабы бойынша бұрынғы министр Мұрат Бектановтың үстінен қылмыстық іс қозғап, 20 қаңтарда екі ай мерзімге қамауға алған еді.

Мұрат Бектанов 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін Қорғаныс министрі болып тағайындалған еді.

2022 жылы 19 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны”қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады” деп кінәлап, қызметінен босатқан.

Тоқаев “Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы күштер өзіне сенімсізәрі қабілетсіз басшылық салдарынан жүктелген міндеттерді тиісті деңгейдеатқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сынсағатта әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық” деген еді.

Елде жаппай наразылық өткен күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері келген. Қазақстан билігі “бұл күш стратегиялық нысандарды күзетеді” деп мәлімдеген.

Жыл басында газ бағасын 50 теңгеден асырмау туралы талаппен ереуілге шыққан Жаңаөзен тұрғындарын қолдау үшін Қазақстанның көптеген аймағында басталған акциялар біртіндеп саяси талап қойған наразылыққа ұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 227 адам осы оқиғада қаза болған.

6 қаңтарда наразылық күшейген тұста Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті “мемлекетке опасыздық жасады” дегенайыппен қамаған. Бір аптадан соң оған “билікті күшпен басып алмақ болды” деген тағы бір айып қосқан. Кәрім Мәсімовтен кейін оның үш орынбасары да қамалған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз