Расул Жұмалы Қазақстанның Ливандағы елшісі лауазымына тағайындалды

0
188
Расул Жұмалы. Photo: Facebook парағынан алынды.

13 маусымда бұрынғы дипломат, саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанның Ливандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл ақпаратты президенттің баспасөз қызметі жариялады.

51 жастағы Расул Жұмалы бұрын Қазақстанның Египеттегі, Израильдегі елшілігінде жұмыс істеген, 2004-2005 жылдары Қазақстанның Біріккен араб әмірлігіндегі бас консулы, 2006-2007 жылдары Қазақстанның Ливиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы болған, Қазақстан сыртқы істер министрлігінде түрлі қызмет атқарған.

Расул Жұмалы кейінгі жылда оқытушылықпен және саясаттанумен шұғылданып, Қазақстан билігіне сыншыл оппозициялық көзқарасымен танылған.

Ол президент сайлауынан кейін Қасым – Жомарт Тоқаев құрған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз