Тоқаев кеңсесінің бастығы Қазақстанның Германиядағы елшісі болып тағайындалды

0
282
Нұрлан Онжанов. Photo: Akorda.kz

13 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Онжанов Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

62 жастағы Нұрлан Онжанов Гумбольдт атындағы Берлин университетін бітірген. Әр жылдары сыртқы істер министрінің орынбасары, президент көмекшісі қызметін атқарған. 2019 жылы 21 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен  Қазақстан президенті кеңсесінің бастығы болып тағайындалған еді.

Бұған дейін Германияда Қазақстан елшісі болған Дәурен Кәріпов президент жарлығымен қызметінен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз