15 маусымда мәжіліс төрағасы Ерлан Қожанов парламент палаталарының бірлескен отырысын 20 маусымға шақыру туралы өкімге қол қойды.
“…Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын”, – делінген өкім мәтінінде.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында сессияның қорытындысы шығады, кейін депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа кетеді.