Мәжіліс екі депутаттың өкілетін тоқтатты

0
188
Мәжілістің жалпы отырысы.

Сәрсенбі күні төменгі палатаның жалпы отырысында мәжіліс Саясат Нұрбек пен Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді. Саясат Нұрбек президенттің жарлығымен ғылым және жоғары білім министрі болса, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған.

“ҚР президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 919 жарлығымен парламент мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы қарауыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына, “Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Конституциялық заңның 3,8-тармақтарына сәйкес мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізеді”, – деді ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Осыған ұқсас мәтінде Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалған Берік Әбдіғалиевтің де депутат өкілеті тоқтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз