Мемлекет басшысы қаңтар айының 16-18 жұлдызында Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) ресми сапармен барады, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.