Нұр-Сұлтан қаласы “сары аймақтағы” жалғыз өңір

0
88
Photo: Turar Kazangapov

Коронавирустың таралуы бойынша “сары” аймақта жалғыз Нұр-Сұлтан қаласы тұр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір “қызыл” аймақта ешқандай өңір жоқ. Ал, “сары” аймақта жалғыз Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Алматы, Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Атырау, ШҚО, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан облысы коронавирустың таралуы бойынша бұрынғыша “жасыл” аймақта тұр.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “жасыл” аймақта тұр.

Атап өтейік, өткен тәулікте елде 1859 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 835 адам вирус жұқтырып, 406 адам індеттен емделіп шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз