Қ. Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау жолдады

0
201
photo: akorda.kz
7 қыркүйекте президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиз Трасс үкіметті басқарған кезеңде Ұлыбритания бұдан да гүлденген және орнықты мемлекет құру жолында табанды түрде ілгерілей беретініне сенім білдірді.

“Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді”, – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз