Израиль ғалымдары коронавирустың жарқанаттардан шыққанын жоққа шығарды

0
138
photo: Pixabay

Тель-Авив университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша коронавирус пандемиясының пайда болу көзі жарқанат болуы мүмкін деген дәлел таппады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Біз жүргізген жан-жақты зерттеу жарқанаттардың COVID – 19 өршуінің көзі болу мүмкіндігіне қатысты үлкен күмән тудырады”, – дейді зерттеу жетекшісі.

Ғалымдардың пікірінше, жарқанаттар басқа сүтқоректілер үшін қауіпті деп саналатын вирустармен оңай күресуге мүмкіндік беретін өте тиімді иммундық жүйеге ие.

Жарқанаттарда COVID-19 антиденелерінің болуы олардың ұқсас ауруға шалдыққанын және оған иммунитетті дамытқанын білдіреді, бірақ бұл жануарлардың мұндай вирустың “резервуары” екенін дәлелдемейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз