13 мыңнан астам қазақстандық коронавирустан емделуде

0
148

19 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 13 442 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“19 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 13 442 адам коронавирус инфекциясынан (–13 219+ және 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 214 пациент стационарда, 13 228 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда”, – делінген хабарламада.

Коронавирус жұқтырғандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 1 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз