Индонезияда футбол алаңында 127 адам қаза тапты

0
174
Футбол стадионында қираған полиция көліктері. Photo: BBC

Индонезияда, Ява аралында өткен футбол матчы кезінде 127 адам қаза тапты, 180 адам түрлі дәрежеде жарақат. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

Жеңілген команда жанкүйерлері футбол алаңына жүгіріп шығып, соның салдарынан адамдар сығылысып, бір-бірін таптап кеткен.

Индонезияның Arema мен Persebaya Surabaya атты екі футбол командасы, Маланг қаласындағы стадионда ойнаған. Arema командасының 2:3 есебімен жеңілуіне шыдамаған жанкүйерлер футбол алаңына ұмтылған. Ашуланған топтың әрекеті көптеген адамның өліміне себеп болды. Полиция жас ағызатын газ пайдаланған, бірақ бұл тәртіпсіздікті онан сайын ушықтырған. Қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Екі полиция қызметкері де қаза болған.

Оқиға тергеліп жатыр. Индонезия футбол лигасы бір аптаға жұмысын тоқтатты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз