29 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын президент Ресей Федерациясына ресми сапар жасады. Ол, Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.