ЖЭО-дағы апат: Екібастұз тұрғындарына тегін мобильді интернет беріледі

0
152
photo: gov.kz

160 мыңнан астам абонент бір ай бойы тегін қоңырау мен мобильді интернет қызметтерін пайдалана алады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

ЖЭО-дағы апатқа орай және Екібастұзда жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты министрлік мобильді операторларды Екібастұз бен Павлодар облысының тұрғындарына қолдау көрсетуге және тегін трафик ұсынуға шақырып, акцияға бастамашы болды.

Осылайша, Екібастұз аймағындағы 17 мың Tele2/Altel абоненті 45 минут тегін қоңырау мен 45 тегін SMS, сондай-ақ 8 Гб интернет-трафик алады. Бұл пакеттті 2022 жылғы 28 қарашадан бастап 30 күн қолдануға болады.

Павлодар облысының барлық Kcell абоненттеріне 4 Гб интернет-трафик пен басқа мобильді операторлар нөмірлеріне 20 минут тегін қоңырау беріледі. Бонустық ресурстар 2022 жылдың 28 қарашасынан бастап 7 күн жарамды болады. Оператор SMS хабарлама арқылы пакеттің есептелгені жайлы хабарлайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз