Президенттік олимпиаданың жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті (9) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) сияқты университеттерде оқуға грант алады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысады. Олимпиаданың үшінші кезеңі 2022 жылғы 29 қарашадан 2 желтоқсанға дейінгі аралықта академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өтеді.
“Олимпиаданың бірінші кезеңіне 3 мыңға жуық оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия және физика пәндері бойынша жарысқа түсті. Байқауға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатыса алатынын еске сала кетейік“, – дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және гранттарды бөлуде басым құқыққа ие болады.
“Былтыр министрліктің бастамасымен Қазақстанның 20 ЖОО осы олимпиада жеңімпаздарына 50-ге жуық грант бөлді. Министрлікке қарасты «Дарын» орталығының өкілдері жоғары оқу орындарын білім гранттарын бөлу бастамасын қолдауға шақырды. Осылайша, биыл Қазақстан-Британ техникалық университеті жеңімпаздарға 9 грант, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 5 грант бөлді”, – деді Гүлмира Кәрімова.
Олимпиаданың жабылу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2022 жылғы 2 желтоқсанда өтеді.