7 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының әкімі болып Байханов Асайын Қуандықұлы тағайындалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Байханов Асайын 2020 жылдан бүгінге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары және Павлодар қаласының әкімі қызметін атқарған.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Байханов Асайын Қуандықұлы Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Еске салайық, 1 желтоқсанда президент Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметінен босатқан еді. Оның орнына бір апта облыс әкімінің міндетін атқарушы болып Сқақовтың бірінші орынбасары болып келген Олег Крук қызмет атқарды.